Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихат пойызы оңтүстік-батыс аймақтарға бағыт алды. Бұл екінші туры. Бірінші турында пойыз елдің солтүстік-шығысын аралады. Алдағы 17 күнде пойыз 15 станцияға барады. Олардың әрқайсысында «Нұр Отан» партиясы мен Мәдениет министрлігі бірлесіп ұйымдастырған акция қатысушылары ауыл мен қала тұрғындарына Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы әңгімелейді. Сонымен бірге, азаматтарымыздың медициналық тексеруден өтіп, әртүрлі сала мамандарының, атап айтқанда медицина, заң саласы мамандарының, банкирлердің, әлеуметтік қызметтер өкілдерінің кеңестерін алуына мүмкіндігі бар. Пойыз құрамында сондай-ақ эстрада жұлдыздары да бар.