«Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратының ғимаратында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты.
Осы форум Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын атап өтуге арналған негізгі іс-шаралардың қатарында.
Аталған конференция «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекет институттарын жетілдіру процестерін ынталандыруға және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру бойынша қоғамның алдыңғы қатарлы күштерін топтастыруға деген ұмтылысын білдіреді.
Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғары Сотының, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Әділет министрлігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.
Конференция жұмысының барысында оған қатысушылар мынадай мәселелерді қарастырды: елдің Негізгі заңы қабылданған сәттен бастап Қазақстан Республикасы дамуының нәтижелері, мемлекетті және қазақстандық қоғамды жүйелі жаңғырту аясында қолданылып жүрген заңдарды жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары, демократиялық процестерді дамыту, азаматтық қоғам институттарын, қазақстандық парламентаризмді қалыптастыру, елдің партиялық-саяси жүйесін жетілдіру.
Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар ұсынымдарды талдап-жасады, ол мемлекет пен қоғамның одан әрі серпінді дамуына қызмет ететін болады.

Назад


2010-09-03