Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Бірлескен Араб Эмираттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Ибрахим Хасан Сейфпен кездесті

БАЭ Елшісі осы жылдың 3 тамызында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесі осы бір ірі халықаралық ұйымның Саммитін 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында өткізу туралы қабылданған түбегейлі шешімнің маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыда бұл шешімнің қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғаламдық бастамалары мен халықаралық жоғары беделінің нәтижесі екендігін баса айтты.
Сонымен қатар, Елші мырза Орталық Азиядағы саяси тұрақтылық факторы мен халықаралық келісімнің және осы бір өзекті мәселедегі Қазақстан ролінің маңыздылығына тоқталды.
Нұрлан Нығматулин өз кезегінде Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасының қызметі Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы туралы шешімнің қабылдануында ғана ең құнды актив болып қойған жоқ, сонымен қатар осы ұйымға қатысушы елдердің Саммитті Астана қаласында өткізу туралы келісе шешім қабылдауына сеп болғандығын айтты.
Кездесу барысында екі тарап ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағыттары туралы сөз қозғап, өз пікірлерімен алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен БАЭ арасындағы екітараптық серіктестік бірізді одан әрі дамитындығына сенім білдірді.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мейманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Назад


2010-08-11