Халықтық әлеуметтік осал жіктерімен өзара іс-әрекет етуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері үшін семинар-тренинг өтті

Партия Орталық аппаратында халықтық әлеуметтік осал жіктерімен өзара іс-әрекет етуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері үшін семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингтің ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, «Ic company» психоанализ мен психотерапия орталығы (Алматы қаласы) және Астана қаласының ҮЕҰ қолдау орталығы.
«Нұр Отан» партиясы қызметінің басымды бағытының бірі халықты әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі болып табылады. Осы орайда, партия Психоанализ мен психотерапия орталығының осындай іс-шараны ұйымдастыру бастамасын қолдады.
Осы семинар-тренигтің мақсаты психологиялық климаты жайсыз жағдайда жұмыс істейтін адамдардың және қызметтері халықтық әлеуметтік осал жіктерімен (зейнеткерлер, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын тартып жүрген, есіріткі мен алкогольге тәуелді тұлғалар және т.б.) өзара іс-әрекет етуге бағытталған ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік сипатта туындайтын психологиялық проблемаларына қоғамдастықтардың назарын аудару болып табылады. Күн сайынғы және бірсарынды, мұндай адамдармен үлкен шыдамдылықты талап ететін жұмыс «эмоциялық жану синдромына» және олар үшін қобалжудан туындайтын басқа да эмоциялық зақымдарға әкеп соқтырады. Осыған байланысты мұндай құбылыстардың алдын алу және болдырмаудың алар орны зор.
Семинар барысында жұмысы жоғары стресс-компоненттерінен тұратын мамандықтар үшін эмоциялық жай-күйіне бақылау жасау тренингілерін, релакс-тренингілерін ұйымдастыру, сондай-ақ «Психологияның перспективті бағыттары, қоғам өміріндегі олардың рөлі» «Халықтық әлеуметтік осал жіктерін психологиялық қамтамасыз ету (мүгедектер, қарт адамдар)», «Саяси-экономикалық және әлеуметтік негізде әлеуметтік жағынан тұрақсыз топтар құрылуының психологиялық алдын алу», «Тәуелді болудың психологиялық алдын алу» тақырыптары да қаралды.
Семинар жұмысына «Нұр Отан» ХДП Республикалық және Астана қалалық қоғамдық қабылдау бөлмелері, халықтық әлеуметтік осал жіктерімен өзара іс-әрекет етуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Назад


2010-07-20