«Қазақстан-Ресей-Финляндия» автошеруі басталды
VII қысқы Азия ойындарының ашылуына қалған уақытты есептеп тұрған стеладан «Қазақстан-Ресей-Финляндия» автошеруі басталды. Бұл шеру келе жатқан Азияада-2011 іс-шарасына арналды. Бұл оқиғаның ашылу рәсіміне 200 күндей ғана уақыт қалды.
Автошерудің ұйымдастырушылары: «Sport Racing Club», VII қысқы Азия ойындары алауы эстафетасының дирекциясы және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы.
Дені сау, бай-қуатты ұлтты қалыптастырудағы партияның басты басымдықтарының бірі Қазақстанда спортты дамыту болып табылады. «Нұр Отан» партиясының Азиада-2011 өткізуге айрықша қолдау көрсетуі және Қазақстанда көпшілік спорт түрлерін дамытып, қолдау көрсетуі де кездейсоқтық емес.
Финляндияда WRC әлемдік ралли кезеңіне жету үшін Астаналық «Sport Racing Club»-тың автомобилистері 19 шілде мен 5 тамыз аралығында 9000 шақырым жол жүрмекші. Ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырушы шеберлердің құнды тәжірибесін зерттеу 2011 жылғы қаңтарда VII қысқы Азия ойындары алауы эстафетасының астаналық кезеңін өткізу барысында қажет болмақ.
Ойындар алауы өту барысында астанда Есіл өзенінің айдынында 2011 жылғы 30 қаңтарда ралли өтіп, ралли жеңімпазы жолдың бір бөлігінде өз автокөлімен алауды алып жүру құқығын иеленбек.
- Автошеруді біз алда келе жатқан VII қысқы Азия ойындарына арнап отырмыз. Қазақстанда автоспортты дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарымыз Азия ойындарының міндеттеріне сай деп ойлаймыз. «Мақсаттар ортақтастығы – рух бірлігі» деген Азияда-2011 ұраны жобаға қатысушыларды бірегей оқиғамен қауыштырмақ, бұл оқиға біздің елде өтпек, - деді автоспортсмен және шеру қатысушысы Денис Аксенов.
Қазақстан Елордасы – Астанадан басталған автошеру Қазақстан территориясында Көкшетау және Петропавлдан, Ресейде Қорған, Екатеринбург, Қазан, Ярославл және Санкт-Петербургтен өтіп фин қаласы Ювяскюляда аяқталады.
2010-07-19



