«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың мәселелері бойынша Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні
15-16 шілдеде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың мәселелері бойынша Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» атауымен барлық аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тақырыптық акциясын өткізді.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнес өкілдері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын және осы Бағдарлама шеңберінде мемлекеттің ұсынып отырған кәсіпкерлікті қолдау қызметтерінің түрлері мен тәртібі туралы көп біле қоймайды. Сондай-ақ, осы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын субсидиялау мен несие бөлу мәселелері қызықтырады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторы өкілдерінің көптеген сұрақтары жауапсыз қалуда. Осыған орай, Қоғамдық қабылдау бөлмесі Инновациялық комитетімен бірлесе шағын және орта бизнес өкілдеріне құзіретті жауаптар мен кеңестер алу үшін жоғарыда аталған Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, кәсіпкерлікті дамыту институттары, екінші деңгейлі банктер өкілдерімен тікелей хабарласу мүмкіндігін ұсынады.
Республикалық деңгейде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Вице-министрі Марат Құсайнов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасы Болат Мұқышев және екінші деңгейлі банктердің басшылары, аймақтық деңгейде әкімдердің орынбасарлары осы мәселелерге құзыретті жоғарыда айтылған мекемелердің өкілдері қатысуымен қабылдау жүргізді.
Сондай-ақ ипотека қарызыдарын қайта қаржыландыру, банктік несие беру, жалдама тұрғын үй мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша келіп жатқан өтініштер санының көптігіне байланысты ПОА Қоғамдық қабылдау бөлмесі тамыз айынан бастап акционерлік қоғамдар мен екінші деңгейлі банктер басшыларының азаматтарды қабылдауын жүргізуге бастама жасап отыр.
2010-07-16



