Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы

Партияның Орталық аппаратында «Атамекен» одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Тұрсынбек Өмірзақовтың және «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасарының қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж. Жүкенов кеңейтілген брифинг өткізді.
Мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау барысында 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспарының негізгі қағидаларын түсіндіру және іске асыру жұмысын ұйымдастыру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы үстіміздегі жылғы 15-16 шілдеде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясын барлық аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде өткізілгендігі туралы брифингтің қатысушылары хабарлады. Акцияға республикалық деңгейде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктердің басшылары, аймақтық деңгейде осы мәселеге жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары және жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері қатысты. Осы іс-шара «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың шарттары мен тетіктері туралы ақпаратты кәсіпкерлік сектор ортасында кеңінен таратуға» бағытталған. Орталық аппаратта қабылдауға алдын ала жазылу үшін «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесіне немесе мына телефондар бойынша 555571 (т/факс: 707661) хабарласуға болады.
ПОА қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі 2010 жылдың маусым айындағы жұмысының қорытындысын жеткізді.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жыл басынан бері 32 958 өтініш келіп түсті, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1 132-ге көп. Үстіміздегі жылғы маусым айында 6 952 өтініш келіп түсті, оның ішінде 2 720-сы жазбаша келіп түскен өтініштер. Жарты жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық сала және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің өзектігілі тұрақты сақталды. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы ақпан айында арнайы осы мәселелерге арналған азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді және жақын арада Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бөлінуіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы жасалды, оның барысында бірқатар бұзушылықтар белгілі болды. Жалпы, азаматтардың проблемаларын шешу үшін партияның жүргізіп жатқан жұмысы жалғасын табады және «Нұр Отан» партиясына деген халықтың жоғары сенімін күнделікті қажырлы еңбегімізбен ақтаймыз.
Осыған орай, тұрғын үй-коммуналдық сұрақтары 18%, ал тұрғын үймен қамтамассыз ету сұрақтары 15 % құрайды. Зейнетақы мен жәрдемақы мәселесі бойынша келіп түскен өтініштер саны 9% құрайды. Жұмысқа орналастыру мәселесі 8 %, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты арыздар 7 % құрайды.
Кері байланысқа келетін болсақ, Нұр Отан партиясы дер кезінде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша мониторинг өткізеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөлмелерімен көптеген мемлекеттік органдарға жіберілген өтініштер саны 13 446 одан түскен жауаптар саны 9 840 соның ішінде оң шешілген жауаптар 4 980, қалған жауаптар түсіндірме түрінде берілген.
Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қаралмаған азаматтар өтініштерінің саны азайды. Оң шешілген мәселелер саны өсті және ол 40 пайызды құрайды. Сонда да проблемалар бар. Мысалы, Астана қаласының әкімдігіне жіберілген өтініштердің әр үшіншісі жауапсыз қалады. Осындай жағдай ішкі істер, қорғаныс, білім және ғылым министрліктерінде бар. Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың әр екінші өтінішіне жауап бермейді.
Үстіміздегі жылғы бірінші жарты жылдығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 548 адамды қабылдады. Қазір депутаттар аймақтарда жұмыс істейтін болады және қыркүйек айынан бастап Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нұр Отан» ХДП Фракциясына мүше-депутаттарының қабылдауы жалғастырылады. Партияның облыстық аймақтық филиалдары аймақтарда Мәжіліс депутаттарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыруды көздеп отыр, бұл Парламент Мәжілісінің депутаттарына жергілікті жерлерде азаматтардың өз проблемалары бойынша өтініш беруіне мүмкіндік туғызады.
Маусым айында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, ішкі істер, мәдениет, төтенше жағдайлар министрліктерінің басшылары қабылдауларды жүзеге асырды. 27 адам қабылданды.
Сондай-ақ ипотека қарызыдарын қайта қаржыландыру, банктік несие беру, жалдама тұрғын үй мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша келіп жатқан өтініштер санының көптігіне байланысты ПОА Қоғамдық қабылдау бөлмесі тамыз айынан бастап акционерлік қоғамдар мен екінші деңгейлі банктер басшыларының азаматтарды қабылдауын жүргізуге бастама жасап отыр.

Назад


2010-07-13