«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қабылдаудың Бірыңғай күні
Үстіміздегі жылдың 15-16 шілде күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде республикалық «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қабылдаудың Бірыңғай күні» акциясы өтеді. Қабылдауды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшылары, сонымен қатар екінші деңгейлі банктің өкілдері жүзеге асырады.
Осы акция азаматтарды, орта және шағын кәсіпкерлердің өкілдерін кеңінен ақпараттандыру (оның ішінде субсидиялау және несие қарыздарын ұсыну мәселелері) және осы Бағдарламаның аясында кәсіпкерлікті қолдау мемлекетпен ұсынылған тәртіпке бағытталған.
Қабылдауға алдын ала жазылу мына телефондар арқылы жүзеге асырылады: 555571 (т/факс: 707661) немесе мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 12/1 «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесі.
2010-07-12



