Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының (АСПХК) теңтөрағасы, ІІІ Астаналық экономикалық форумының қатысушысы Хосе де Венесиа мырзамен кездесу
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының (АСПХК) теңтөрағасы, ІІІ Астаналық экономикалық форумының қатысушысы Хосе де Венесиа мырзамен кездесті.
Кездесу барысында әңгімелесушілер АСПХК қызметінің мәселелерін талқылады. «Нұр Отан» партиясы конференцияның және оның Тұрақты комитетінің құрамындағы белсенді мүшелерінің бірі болып табылады. Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы – даму динамикасы оның мүшелері санының тұрақты өсуімен сипатталатын Азиядағы ірі ұйымының бірі. Қазіргі таңда ұйымның құрамына әлемнің 52 елінен 318 саяси партия кіреді. Өткен жылғы күзде АСПХК Бас Ассамблеясының бесінші отырысының төрағасы болып бірауыздан сайланған «Нұр Отан» партиясы келесі 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымының төрағалығы миссиясын қабылдайды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ел Президенті, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сараланған және стратегиялық саясатынның арқасында Қазақстан жыл сайын халықаралық алаңда өз ұстанымын барынша күшейтуде. ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан Қырғыстандағы жағдайды тұрақтандыруға нақты үлес қосты.
Өз кезегінде Хосе де Венесиа ел Президентінің бастауымен толеранттық, этникаралық татулық пен конфессияаралық келісім идеясын Қазақстанда ғана емес ЕҚЫҰ кеңестігінде тарату маңыздылығының рөлін атап өтті.
2010-07-02



