Партиялық құрлыс және ұйымдастыру кадрлық жұмыс мәселелері жөнінде «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі комиссиясының отырысы
Орталық аппаратта өткен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі комиссиясының отырысында, мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жетілдіру бойынша «Нұр Отан» партиясы ұсынысының алғашқы таныстырылым болды. Жиынға ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР Үкіметі Канцеляриясы, мемлекеттік істер жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары қатысты.
Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру, әкімшіліктік реформалар жасау партияның Халықтық Тұғырнамасының басым бағыттарының бірі.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, ұсыныстар Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді.
Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі, үш жиынтыққа негізделген мемлекеттік қызметтер тізімін енгізуді қарастырады: саяси мемлекеттік қызметкерлер жиынтығы, А жиынтығы (басқарушылық) әкімшіліктік мемлекеттік қызмет, Б жиынтығы (орындаушылық) әкімшіліктік мемлекеттік қызмет.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы кадрларды іріктеудің, кадрлық резерв қалыптастырудың, мемлекеттік қызметкерлердің мансабын өсірудің жаңа механизмдерін, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер ауыспалылығын «орталық-аймақ», «аймақ-орталық» принципімен және мемлекеттік органдар арасында да арнайы желімен жүзеге асыру жолдарын алға тартады.
Жиынға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жетілдіру бойынша ұсынысын қолдап, Үкіметке мемлекеттік қызметтің жаңа Тұжырымдамасын дайындау барысында осы айтылғандарды есепке алуы туралы ұсыныс жасауға шешім қабылдады.
2010-06-29



