«Нұр Сұңқар» республикалық сайысын қорытындылауға арналған салтанатты рәсім

Баспасөз, радио және телевидение күні қарсаңында «Нұр Отан» журналистер арасында өткізілген «Нұр Сұңқар» республикалық сайысының қорытындысын жариялады. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласының, Конгресс-Холл сарайында өтті.
«Нұр отан» партиясының кез-келген шарасы БАҚ қатысуынсыз өтпейді. Бастауыш партия ұйымының, қоғамдық қабылдаудың, депутаттық фракциялардың жұмысы, жемқорлықпен күрес, қазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, партияның БАҚ-тарда насиахатталып жүрген мәселелерінің бір парасы. Және осы тақырыптардың барлығы әрқашан кәсіби деңгейде, терең талдау, нақты ұстаныммен жария етілуде.
Орталықтан, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен ең таңдаулы жұмыстарын жолдаған 200 журналистің, оператордың, фототілшінің еңбегін сараптай отырып ұйымдастырушылар оларға қажырлы еңбектері үшін алғыс айту мүмкіндігіне ие болды.
«Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Сіздерге бірден айта кетейін, Саяси кеңес Бюросының шешімімен, бұл сайыс жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналады. Сіздердің еңбегіңіз біздің мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін, тәуелсіз Қазақстанымыз үшін өте маңызды да, өте жауапты. Сіздердің еліміздің саяси тұрақтылығы, бірлігі, әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы жолында қосып жатқан үлестеріңіз де өте зор. Сол үшін Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше назар аударып, барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін сіздер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Президентімізбен бірге болдыңыздар және болашақта да солай болып қала береді», - дей келіп, «Нұр Сұңқар» сайысының біздің елімізде журналистиканы одан әрі дамытуды ынталандыра түсетініне сенім білдірді.
«Нұр Сұңқар» сайысы журналистер арасында «Нұр Отан» партиясының қызметін насихаттау, тұрғындарды партия қызметімен кең көлемде ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық қабілетін шыңдау, және ынталандыру мақсатында өткізілді.
Комиссия құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері жетекшілері, «Жас Отан» ЖҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, бас редакторлар клубы өкілдері тағы басқалар қамтылды.
Жүлде 18 аталым бойынша (9 қазақ тілінде, 9 орыс тілінде) тағайындалды.
Шара соңында жасалған тосын сыйлық салтанатты рәсімді шарықтау шегіне жеткізді.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин арнайы жүлдені жария етті. Ол Елбасының, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін үздік насихаттағаны үшін танымал журналист, «Хабар» агенттігінің қызметкері Александр Аксютицке бұйырды.
Арнайы жүлде жеңімпазына «Нұр Сұңқар» сайысының белгісі, дипломы, сонымен қатар Астана қаласынан пәтер кілті табыс етілді.
Сайысқа өзі істерінің кәсіби мамандарымен қатар, осынау қызықты да жауапты жолда алғашқы қадамдарын бастаған жас журналистер де қатысты.
Нұротандықтандар аймақтық ақпарат құралдарын да назардан тыс қалдырмады. Түрлі аталымдар бойынша Ақтөбеден Мира Берікболова, Қарағандыдан Әли Тойжігітов, Тараздан Галина Выборнова, Алматы облысынан Роза Дүйсебаева, Қостанайдан Сергей Харченко жеңімпаз атанды.
Журналистерге «Нұр Отан» сыйға тартқан жарқын мереке эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаеваның, Жәмила Серкебаеваның, Нұрлан Абдулиннің, Мақпал Исабекованың және «Ялла» тобының ән шашуымен өрнектелді.
Ал келесі күні журналистердің ақпарат пен оқиғаға толы қауырт күні басталды. Бұлар «Нұр Сұңқар-2011» сайысының үміткерлері деуге болады. Өйткені, нұротандықтардың уәдесі бойынша бұл жыл сайынғы дәстүрлі сайысқа айналмақ.
Осы жылдың жеңімпаздары:
«Эксперт», «Сарапшы» - аталымы бойынша, партия туралы, Халықтық тұғырнаманың, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ең үздік аналитикалық материалдар үшін, «Астана телеарнасы» ЖШС Бас директорының орынбасары Ықылас Мұхит Мұхамедханұлы, «Хабар» агенттігі, «Жеті күн» хабарының бас редакторы Курепин Федор Владленович;
«Наш депутат», «Біздің депутат» - аталымы бойынша депутаттық фракциялар, депутаттық корпус, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының қызметі туралы ең үздік материалдар үшін, «Егемен Қазақстан» АҚ тілшісі Анар Төлеуханқызы, Қостанай жаңалықтары» ЖШС директоры, бас редактор Харченко Сергей Васильевич;
«Лента новостей», «Жаңалықтар тізбесі» - аталымы бойынша, ақпараттық агенттіктердің партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін, шығармашылық және ақпарат жөніндегі «Казинформ»ҰК»АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әбуова Қаламқас Әскерқызы, «Интерфакс – Казахстан» ақпарат агенттігінің бас редакторы Ишмухаметов Наиль Камильевич;
«Вести из регионов», «Аймақ жаңалықтары» - аталымы бойынша партияның аймақтардағы қызметі мен партияның аймақтық филиалдарының қызметін ең үздік жариялағаны үшін, «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Берікболова Мира Мырзақанқызы, «Время» газетінің жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Выборнова Галина Муратовна;
«В кадре парийные кадры», «Кадрда партиялық кадрлар» - аталымы бойынша бастауыш партия ұйымдары туралы, сондай-ақ партия мүшелерінің қатысуымен дайындалған ең үздік материалдар үшін, «Қазақстан» Ұлттық арнасы, Астана дирекциясының жаңалықтары редактор-жүргізушісі, және бас-редакторы Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы, «СТВ» телеарнасының ақпараттық талдау және жаңалықтар бағдарламаларының жүргізушісі Тарасов Святослав Викторович;
«Точка зрения», «Көзқарас» - аталымы бойыншы партия қызметін жариялауға стандартты емес әдіс-тәсілмен айрықшаланған ең үздік материалдар үшін, партиялық бастамалар мен жобалар туралы айрықша пікір үшін, «Қазақстан РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, «Қазақстан- Қарағанды» телеарнасының редакторы Тойжігітов Әли Мүсалұлы, «КТК» телеарнасының директоры, «Апта портреті» бағдарламасының жүргізушісі Платонов Артур Станиславович;
«Первый шаг», «Алғашқы қадам» - аталымы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жас өкілдерінің (30 жасқа дейінгі) партия мен «Жас Отан» Жастар қанатының қызметі туралы, сондай-ақ партия жүргізіп отырған жастар саясаты туралы ең үздік материалдары үшін, – «7-телеарна» тілшісі Мәндібеков Ербол Алашыбайұлы, «Казахстанская правда» АҚ, «Саясат» бөлімінің тілшісі Түсіпбекова Лаура Рахметоллақызы;
«Доверие», «Сенім» - аталымы бойынша партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы ең үздік материалдар үшін, Алматы облысы, «Жетісу» телеарнасының тілшісі, «Қоғамдық қабылдау» хабарының жүргізушісі Дүйсебаева Роза Нұрбекқызы, «Литер» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі Казанцева Татьяна Ивановна;
«Мастер объектива», «Объектив шебері» -аталымы бойынша партия туралы ең үздік операторлық жұмыс, сондай-ақ фотоматериал үшін, «Новое поколение» газетінің фототілшісі Ғалымов Талғат Кәмелұлы, «Хабар» АҚ операторы Николай Иванович Кишенин.

Назад


2010-06-24