Нұр Отан» партиясының 2020 жылға арналған Бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топтың кезекті талқылауы
Орталық аппаратта партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының 2020 жылға арналған Бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топтың кезекті талқылауы өтті.
Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.А. Назарбаевтың партияның кезектен тыс XII-съезінде берген тапсырмасына сәйкес партияның 2020 жылға арналған Бағдарламасын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жобаны әзірлеуге құрамында танымал, беделді ғалымдар мен әлеуметтік және гуманитарлық саласы мамандары бар арнайы сарапшы топ қатысуда. Сарапшылар Бағдарлама жобасының негізгі бөлігі саналатын мазмұны мен құрылымы бойынша ұсыныстар дайындады.
Ал жұмысшы топ құрамына ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік орган, орталық аппарат, парламентаризм институты өкілдері және танымал ғалымдар кірді. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, партия Көшбасшысының тапсырмасы бойынша Бағдарлама жобасына осы уақытқа дейінгі саяси, идеологиялық және ұйымдастыру-партиялық жұмыс тәжірибелерінен іріктеліп алынып, соның негізінде партияның 2020-шы жылға дейінгі қызметінің негізгі кезеңдері мен басым бағыттары анықталмақ.
Аталған жобаның мақсатты басымдықтары Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен сәйкес келеді.
Партияның негізгі мақсаты мен бағыты бәрінен бұрын, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын көтеру.
Жиын барысында қатысушылар жан-жақты пікір алмасып, Бағдарлама жобасына толықтырулар мен өзгерістер әзірледі.
2010-06-15



