«Еңбек нарығындағы бүгінгі құқықтық сақтық – ертеңгі лайықты кемел жас»

«Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты «ЗУБР» Әлеуметтік корпоративті қорымен бірігіп «Еңбек және зейнетақы құқықтары: Қазақстан Республикасының жұмысшылары мен жұмыс берушілері қаншалықты қорғалған?» тақырыбында мультисекторалды сұхбат алаңын өткізді.
Аталмыш сұхбат алаңы 2009 жылдың соңында Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен бастау алған «Еңбек нарығындағы бүгінгі құқықтық сақтық – ертеңгі лайықты кемел жас» атты жоба шеңберінде өткізіледі.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекет айқындаған құқықтар мен кепілдердің іске асырылу үрдісін барынша ашық және тиімді ету.
Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан Сұхбат алаңының шеңбері аясында алғаш рет ҚР-ғы еңбек және зейнетақы құқықтарын іске асырудың қоғамдық сараптамаларының тәжірибелік нәтижелері көрсетіледі. Бұны Әлеуметтік корпоративті қоры 2010 жылы Қазақстанның түрлі облыстарында өткізген болатын.
Өкінішке орай «өз құқығын білгендікі - әрқашан жөн» сөзі кейде өз күшін жоғалтады. Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық сауаттылығының деңгейі қандай? Еңбек және зейнеткерлік құқықтарының қайсысы аса көп бұзылады? Қазақстанның қандай аймақтарында құқық бұзушылық жиі кездеседі? Азаматтардың құқықтарын кім бұзады? Өз құқықтарын қорғау үшін кімге сенім артуға болады: жұмыс берушіге, мемлекеттік органдарға, жеке адвокаттарға, әлде үкіметтік емес ұйымдарға ма? Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін біздің азаматтар қандай табыс көздеріне үміттенеді? Зейнеткерлік жүйенің тиімділігін қалай бағалайды? Ұйымдастырушылар Сұхбат алаңы кезінде осы және басқа сұрақтарға жауап іздеді.
Шараға Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарыны, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, ҚР қаржы нарығын қадағалау агенттігі, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ, зейнетақы қорлары мен бизнес өкілдері қатысты.

Назад


2010-06-17