«Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі және мәслихаттардағы заңнамалық және нормалар шығару қызметі жөніндегі комиссияның отырысы

Партияның Орталық аппаратында Комиссия Төрағасы, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Рахмет Мұқашевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі және мәслихаттардағы заңнамалық және нормалар шығару қызметі жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырысты өткізудің мақсаты – көрнекті ғалым-құқықтанушыларды қатыстыра отырып, жергілікті өкілді органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың пікірлерін ескеріп, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын сындарлы талқылау.
Күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009-2010 жылдарға арналған заң жобалау жоспарларының іске асу барысы мен «Мүдделік қолдау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы талқыланды.
Комиссия отырысына «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов, мемлекеттік органдар басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ғалым-құқықтанушылар қатысты.
Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына жолданатын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірледі.

Назад


2010-06-16