Орталық аппараттың Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж. Жүкенов брифинг өткізді
Орталық аппаратта Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж. Жүкенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті өкілі Мұратбек Әйтімбетовтің қатысуымен апталық брифинг өткізді.
2010 жылдың мамыр айында Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 491, оның ішінде 2 555 жазбаша өтініштер келіп түсті.
Өтініштерге талдау жасай отырып, өткен аймен салыстырсақ, тұрғын үй-коммуналды саласына өтініштер 18 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш аймақтардағы тұрғын үй саласының қызметіне тұрғындардың риза еместігін байқауға болады. Баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 15 пайыз екендігін көруге болады. Ол өзінің өзектілігін әлі сақтап тұр. Сонымен қатар азаматтардың өтініштерінде мемлекеттік пәтерлерді бөлу және пәтерді жалға алу мәселелерін жиі көтереді. Қазірдің өзінде пәтерлерді бөлу мәселесіне келгенде әділдіктің болмайтынын жазған өтініштер келуде.
Азаматтар Қоғамдық қабылдау бөлмесіне зейнетақы мен өтемақы төлеу мәселелері бойынша өтініштерін жіберуде (9 пайыз). Сонымен қатар азаматтар зейнетақыны мен өтемақыны өз уақытында алмағандары жөніндегі мәселелерді көтеруде. Ал өтініштердің 8 пайызын құрайтын, жұмыспен қамту мәселелері оң шешімін табуда. Ал лауазымды тұлғалар атына түскен шағым 7 пайызды құрайды.
Сонымен қатар азаматтар қылмыстық істерді тергеу мәселесіне байланысты құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне шағым беруде. Осыған ұқсас өтініштер өкілетті органдарға тексеру үшін жіберіледі. Сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы өтініштерде жиі келеді. Мамыр айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 9 қабылдау жүргізіп, 87 адамды қабылдады.
Сонымен қатар аймақтардағы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мәслихат депутаттары 1 316 қабылдау өткізді.
Қазақстан Адвокаттар одағы біздің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аптасына екі рет азаматтарға тегін құқықтық көмек береді. Олар 5 айдың ішінде 104 азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті. Осыған ұқсас тәжірибе Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.
ҚР ІІМ-нің Жол комитетінің өкілі 19 мамырда ПОА-ның жұмыс Жоспарына сәйкес, партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті өзара бірлесіп, «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырғанын айтты. Акция Ақмола облысының Есіл ауданында және Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өтті. Жұмыс екі форматта, яғни жалпы жиналаста күрделі мәселелерді талқыласа, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Халықпен кездесуге аталған ауылдың әкімдері де қатысты. Қабылдау барысында ескі көліктерді техникалық байқаудан өткізу қажеттілігі, жүргізушілерді заң бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде қайта қарау, жол бойындағы зираттар мен ескерткіштердің заңдылығы туралы айтылды. Акция барысында 546 адам қабылданды.
Тұрғындардың өтініші ескі автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу, жүргізушілерді тәртіп бұзғаны үшін әкімшіліктік жауапкершілікке тарту мәселелері төңірегінде болды. Аталған акция республика бойынша өтті.
2010-06-14



