«Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыстарының тиімді тәжірибесі»
«Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партиялық мектебінде аймақтық және аумақтық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушілерін оқыту аясында «Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыстарының тиімді тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның модераторы партия Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері жетекшілері мен аймақтық филиал төрағаларының бірінші орынбасарларының алғаш рет мақсатты түрде жиналғанын атап өтті. Оқу мақсаты – білім алумен қатар басқалармен де іс-тәжірибе алмасу. Жүкеновтің айтуынша қоғамдық қабылдауға адамдар әр түрлі мәселелермен келеді. «Егер өтініштердің 40 пайызы шешімін тапса мұны жетістік деуге болады. Бізге келген әрбір адам қанағаттанарлық жағдайда кетуге тиіс, өйткені, бұл олардың мәселесін шешу үшін келетін орны»- деді, Ж. Жүкенов. Бас прокуратураның жеке тұлғалар өтініштерінің есебі жөніндегі бөлім бастығы Михаил Тлеукенов «Заңды және жеке тұлғалар өтініштерінің мемлекеттік органдардағы бірыңғай есебі» туралы әдістемелік құралды таныстырып, тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардағы өтініштерді қарау мен бақылау тәртібі туралы сөз етті.
Оқу барысында аймақтардан келген өкілдер де өз тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушыларға «Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыстарының тиімді тәжірибесін қалыптастыру» семинар-оқуын табысты аяқтағаны үшін «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партиялық мектебінен арнайы сертификаттар табыс етілді.
2010-06-11



