Партияаралық кеңестің Х отырысы

Партияның Орталық аппаратында «Экологиялық қауіпсіздік – қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудың ажырмас құрамдасы ретінде» мәселесін талқылауға арналған Партияаралық кеңестің Х отырысы болып өтті.
Партияаралық кеңесті өткізудің мақсаты – тұрғындардың сапалы өмір сүру мәселесіне қатысты 2003 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының іске асырылу барысын талқылау.
Отырысқа саяси партиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, сараптау қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Талқы барысында қатысушылар «Қазақстан – 2030» стратегиясында елімізді дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі экологиялық ортаны жақсарту екендігін, Қазақстан 2030 жылы таза және жасыл, таза ауалы және мөлдір сулы елге айналу керектігін атап өтті.
Мемлекет Басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың өмір сүру жасын 72-ге дейін ұзарту міндеті қойылған.
Әр қазақстандық үшін қолайлы жағдай жасау бойынша мемлекеттің жүзеге асырып жатқан шараларын қолдай отырып, Партияаралық кеңестің мүшелері қазіргі заманда экология қауіпсіздігі проблемалары жекелеген аумақтар мен аймақтардың шеңберінен шығып, әлемдік масштабтарда өз орнын алды деп санайды.
Арал теңізінің тартылуы БҰҰ ғаламдық экологиялық апат деп таныды. Теңіздің кеуіп кеткен қабатынан жылына ауаға 6 млн. тонна тұз шығады. Сол тұздың құрамы Солтүстік полюсте де табылған. Арал теңізінің тағдыры Балқаш көлінде де қайталануы мүмкін.
Сонымен қатар, жабық Семей полигонында болған ядролық сынықтардың салдары әлі көп жылдары бойы сезілетін болады.
Республикада жыл сайын 700 млн.тонна өнеркәсіптік қалдықтар, оның ішінде 250 млн. тоннасы уландыратын қалдықтар шығарылады. Олардың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтардың 5% ғана пайдаға асырылады немесе жағылады. Ртуттық ластанудың бірқатар көлемі Қарағанды және Павлодар облыстарында, күкірттік қалдықтардың миллиондаған тоннасы Атырау облысында бар. Мұнай шығатын барлық аймақтарда ауқымды алаңдар мазутпен ластанған. Каспий су алқапын пайдалануға беру алаңдаушылық туғызып отыр.
Жиында Қоршаған ортаны қорғау министрінің баяндамасы тыңдалды.
Партияаралық кеңестің жұмыс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Назад


2010-06-10