«Астана – дамушы еуразиялық ықпалдастықтың нышаны» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел отырысында еуразиялық ықпалдастықтың орталығы, Қазақстанның гүлденуінің символы ретінде Астананы қалыптастыру және және алға жылжыту, елордасын насихаттау мәселелері қаралды.
Астана қазіргі таңда Қазақстан үшін – болашаққа талпынудың символы, біздің таңдаған стратегиялық жоспарларымыздың тиімділігінің символы. Астана – бұл елдің табысты түрде дамуының жарқын үлгісі.
Қазақстанның Астанасы - Еуразия жүрегінде еліміздің арман-мұратының іске асуы және әлемдік геосаясатта, ЕҚЫҰ төрағасының және оның бастамаларының осы ұйымның бүкіл ықпал ету кеңістігінде күштерді қайта орналастырудың жолы болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Астананың тарихы – бұл біздің тәуелсіздігіміздің тарихы»,- деген болатын. Астана – қазақстандықтардың бірігуі мен әлеуметтік ықпалдасуының символы. Республиканың барлық этностары мен конфессиялары өкілдерінің бейбіт өмір сүруі мен өзара құрметі біздің еліміздің жетістігіне айналды. Әлемдік қоғамдастық егеменді Қазақстанның осы дамуға ұмтылысына құрметпен қарайды. Астананы ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деп танығанының үстіне, Қазақстанның серпінді дамушы еуразиялық мемлекет ретінде халықаралық имиджін қалыптастырудағы Астананың үлесі туралы әлемдік дәрежедегі саясаткерлер жиі айтып жүр.
Аталған іс-шара «Нұр Отан» ХДП бастамасы бойынша өткізілді және Астананы насихаттауға, Астананы еліміздің гүлденуінің жарқын бейнесі ретінде қалыптастыру мен алға жылжытудың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық диалогты қамтамасыз етуге, Еуразиялық одақ құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің идеясын қолдауға, еуразиялық ықпалдастықтың орталығы ретінде Астананың бейбітшілік сүйгіш және біріктірушілік функцияларын ашуға, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның бастамаларын алға жылжытуға арналды.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, сондай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Назад


2010-06-07