«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын Қостанай облысының жастары қолдады
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясы еліміздің барлық аймақтарында қарқынды өтуде. Акция аясында Қостанай облысында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты.
Мыңдаған қазақстандықтар өз құрдастарының үндеуіне үн қосып, елді мекендерді көгалдандыру, әсіресе, ауылдағы әлеуметтік нысандарды жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізбек. Акцияға қатысушылардың нақты істері мен жұмыс нәтижелері бұл Қазақстанның жаңа онжылдықтағы жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру, еліміздің стратегиялық дамуына қолдау көрсетуге деген ұмтылыс екені сөзсіз.
Қостанай облысының, Меңдіқара ауданының, Боровой ауылының орталық алаңына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеттінің, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің, педагогикалық институттың, педагогикалық коллеждің студенттері жиналды. Олардың барлығы теннис алаңы, стадион мен оған жақын жердегі аумақтарға жүргізіліген жөндеу жұмыстарына жұмыла кірісті. Жалпы жастардың марафон – эстафетасы аясында 20 мың адамның қатысуымен, 268 нысанды қалпына келтіру жоспарланып отыр. «Қостанайлық жастар аталған акцияға ерекше қолдау танытты. Жалпы облыс бойынша 11 мың жас жұмыс жасады. Тағы да 20 мың адам тарту жоспарланып отыр, бұл шараға қатысатын адамдар саны 60 мыңға жетеді деген сөз», - дейді Қостанай облыстық филиалы, «Жас Отан» ЖҚ хатшысы міндетін ақтқарушы Ғабит Құсайынов.
Боровой ауылында 1500 адам біріккен, партиямыздың аудандық ірі филиалдарының бірі - «Нұр Отан» ХДП Меңдіқара аудандық филиалы жұмыс жасайды. Нұрлан Нығматулин жаңа кеңседе болып, бастауыш ұйым жауапкершілігіне жүктелетін жұмыс жоспары туралы сөз етті.
Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының аймақтарға баса назар аударып отырғаны белгілі.
Сол күні Нұрлан Нығматулин Рудный қаласындағы еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында салынып жатқан Соколов-Сарыбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКБӨБ) металлопрокат зауытына келді. Жалпы қуаты жылына 75 мың тонна метталоопрокат деп жоспарланған бұл нысанды іске қосу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 7520,0 млн. теңге. Ол іске қосылса 650 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.
Нұрлан Нығматулин партиялық бақылау бекеті құрылған, аталған инвестициялық жобаның құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары Соколов-Сарыбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі кенін көріп, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздегі индустриалды-инновациялық жобалардың барлығында партияның бақылау бекеттері құрылғаны, олардың барлығы бүгінгі күні өз тиімділігін дәлелдегенін айта келіп, әрбір маңызды жобаның уақытында іске қосылуы, сапасы, қаражаттың дұрыс жұмсалуы бірінші кезектегі мәселе екендігін сөз етті.
Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ирина Аронова: «Бәрінен бұрын біз, қаражаттың оңтайлы жұмсалуын, осы нысандардағы жұмыс сапасын, олардың іске қосылатын уақытын бақылаймыз», - деді.
«Нұр Отан» партиясы өз жұмысында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауға, сондай-ақ кадрларды қайта оқыту, дайындау мәселелеріне баса назар аударып отыр.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұр Отан» ХДП «ССКБӨБ» АҚ аудандық филиалында, Соколов-Сарбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігінің кадрларды қайта дайындауға арналған оқу орталығында болды.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жүктелген тапсырмаларға сәйкес, өнім сапасын арттыру ең басты бағыттардың бірі болуға тиіс.
Ол өндірісте заманауи оқыту орталықтарын құрып, жаңа жұмыс тәсілін енгізуді қажет етеді. Соколов-Сарбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігінің оқыту орталығы кәсіпорын сұранысына сай барлық мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды, жетекшілер мен мамандардың біліктілігін жетілдіруді, сондай-ақ, студенттер үшін өндірістік тәжірибелер ұйымдастырады.
Жыл сайын осында 4,5 мыңнан 5,0 мың адам білім алады. Оқу орталығы өнеркәсіптегі оқу жұмысымен етене байланыс орнату арқылы жұмысшы жастарды оқытуды да қолға алады.
2010-06-07



