«Отандастар» республикалық акциясы басталды

Еліміздің барлық аймақтарында партияның 2020 жылға арналған жаңа Бағдарламасы жобасына халықтың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін жинау бойынша «Отандастар» республикалық акциясы басталды. Акция барысында келіп түскен біздің азаматтардың ұсыныстары мен өтініш-тілектерін Бағдарламаны әзірлеушілер әзірлеушілер қолданады және бұл аймақтар бойынша проблема картасын құруға мүмкіндік береді. Барлық ұсыныстар талданады және пысықталады, жиналған материалдар негізінде «халықтың аманаты» жинағы дайындалады.
«Нұр Отан» 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасының жобасын дайындады және осы Бағдарлама жобасына қосу үшін партияның кезектен тыс ХІІІ съезі қарасаңында ұсыныстарды жинау акциясын ұйымдастырып отыр. Акция екі кезеңде өтеді, бірінші кезең – маусым, екінші кезең – шілде және тамыз айлары.
Осы акция үшін арнайы ұсыныстарды жинау бойынша бланк әзірленді және ол осы акцияның негізгі белгісіне айналатын болады. Әр қазақстандық осы кең масштабты жобаға қатыса алады, бұл үшін акция бланкісін толтыру қажет, бланкке өз идеяларын, ұсыныстарын және партияның бағдарламалық құжатына негіз бола алатын мазалап жүрген мәселелерді жазуға болады.
Партияның барлық филиалдарының жанынан, сондай-ақ белгілі жергілікті елді мекендерде арнайы «халықтың аманаты» жинақ орталықтары ашылады, ол орталықтарда барлық ниет білдірген азаматтар үшін бланкілер беріледі. Халықтың өтініш-тілектерін жинау қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы партиялық жиналыстарда, партия активтерінің отырыстарында, жиналыстарда және конференцияларда жүзеге асырылады. «Нұр Отан» партиясының сайтында ұсыныстар мен өтініш-тілектерді қалдыруға болатын арнайы бөлім ашылады.
Акция шеңберінде келіп түсіп жатқан проблемалы мәселелермен танысу және талқылау үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің және басқа да мамандардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіледі.
Акцияның қорытындысы бойынша партия Бағдарламасына қосу үшін Жұмыс тобының қарауына нақты ұсыныстар енгізіледі.
«Отандастар» жобасын іске асыру халықпен кері байланыс орнатудың жаңа механизмдерін құруға, сондай-ақ қоғамның көкейтесті проблемалары мен сұрауларын анықтауға ықпал етеді.

Назад


2010-06-01