Партия қатары танымал спортшылармен толықты

Партияның Орталық аппаратында Қазақстанның танымал спортшыларын партия қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Спортшылардың «Нұр Отан» партиясының қатарына өтуінің негізгі себебі – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеяларын белсенді іске асырушыға айналу. Атап айтсақ, салауатты өмір салтын жүргізу үшін бұқаралық халық қозғалысын дамыту, Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамыту.
Партияның жаңа мүшелеріне билетті партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин табыс етті.
Дені сау, берекелі ұлтты қалыптастыру ісіндегі «Нұр Отан» ХДП-ның басты басымдықтарының бірі – Қазақстанда спортты дамыту.
«Нұр Отан» партиясы Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына қаңтарда жасаған Жолдауына сәйкес халықтың барлық жігін спортпен шұғылдануға тарту саясатын бірізді жүргізіп келеді. Бұл көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етеді. Олар: қазақстандықтардың денсаулығын нығайту, жастарды дене және рух мәдениетіне тәрбиелеу, Қазақстан халқының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Азия кеңістігінде спорт және олимпиада қозғалыстарын дамыту ісінде Қазақстан үлкен жауапкершілік жүктеуі Елбасы үндеуінің маңыздылығын арттыра түседі. VII қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу туралы Азия Олимпиада кеңесі Бас Ассамблеясының шешімі осының айшықты мысалы.
Қазіргі уақытта, VII қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында Қазақстанда жаппай спорт қозғалысын дамытуға баса назар аударылуда.
Өз жеңістері мен жетістіктері арқылы бірнеше дүркін Қазақстан даңқын шығарған спортшыларымыз осының жарқын мысалы бола алады. Міне, сондықтан «Нұр Отан» партиясы дені сау ұрпақты тәрбиелеу, үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық аренада Қазақстанның даңқын шығару ісінде спортшыларға үлкен үміт артады.
Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз алған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Cіздердің жеңістеріңіз – бұл еліміздің, мемлекетіміздің жеңістері. Себебі, Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашанда спорт өнерін дамытуға ерекше көңіл бөліп, барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні ол жұмыстардың барлығы, спорт және туризм министрлігінің атқарып келе жатқан жұмыстары өз нәтижесін беріп отыр», - деді.
Партиямызыдң жаңа мүшелерінің қатарында 2008 жылғы XIX Олимпиада ойындарына қатысушы, бокс бойынша әлем чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Мерей Ақшалов, параолимпиадалық Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында жүзу бойынша 2 күміс және 2 қола медалінің иегері Сиязбек Далиев, ауыр атлетика бойынша әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Светлана Подобедова, көркем гимнастикадан 2009 - Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 – Азия чемпионы Марина Петракова спорттық тұспалдау бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанның ұлттық құрама командасының көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Ольга Новикова, су астында тұспалдау бойынша бірнеше рет әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Людмила Шумилова сынды басқа да танымал спортшылар бар.
Көркем гимнастикадан 2009 - Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 – Азия чемпионы Марина Петракова спортшылар атынан былай деді: «Бүгінгі күні біз Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпшілік спортты дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын сеніммен айта аламыз. Спорттың әр түрімен айналысатын адамдар саны жыл сайын өсіп келеді. Біз үнемі осы қамқорлықты сезініп жүреміз және сол үшін алғысымызды білдіреміз».

Назад


2010-05-31