«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті жанындағы Мемлекеттік қызметтер және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімдігіне бақылау және мониторинг жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы

Орталық аппаратта «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті жанындағы Мемлекеттік қызметтер және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімдігіне бақылау және мониторинг жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында «Мемлекеттік қызметтердің және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету» мәселесі қаралды.
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету қызметін жетілдіруге, лицензиялар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беруге, әкімшілік процедураларды оңтайландыруға бағытталған жұмысы туралы ақпарат берді.
Жиын барысында сарапшылар берген ақпараттар талқыланып, осы материалдар негізінде Кеңес қазіргі уақытта әкімшілік кедергілер мен лицензияланатын қызметтерді азайту бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімдігін арттыру жұмысы тиісінше жүргізілмей келеді деген қорытынды жасады.
Жиын қорытындысы нәтижесінде лицензиялау және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметтерді жақсарту бойынша, сондай-ақ бизнес ашып, жүргізу үшін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қолдануына барынша қолайлы жағдай жасау бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленіп, қабылданды. Ұсыныстар Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданды.
Кеңес жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылым мен БАҚ өкілдері және тәуелсіз сарапшылары қатысты.

Назад


2010-05-28