Партияаралық кеңестің IX отырысы
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқыға салған партияаралық Кеңестің IX отырысы өтті. Жиынға саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы министрліктері, сараптама қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуында үстіміздегі жылдың 19 наурызында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізгі роль атқарады (ЖИИДМБ). Бұл бағдарлама жедел қарқынмен жаңа технологиялар мен инновация енгізуге негізделген жаңа индустриалдық экономиканы құруға бағытталған.
Бағдарламаға сәйкес алдағы 5 жылда үш маңызды мәселе өз шешімін табуға тиіс. Олар: мұнай мен метал өңдеуден барынша көп пайда табу; тұрғындарды маңызды жобаларға тарту арқылы қазақстандықтардың игілігін және еңбек өнімділігін арттыру; транзиттік мүмкіндікті пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін 12 негізгі сала анықталды. Олар: АӨК, металлургия, мұнайөңдеу, энергетика, химия және фармацевтика, құрлысиндустриясы, көлік, инфракоммуникация, машинақұрлысы, уран және жеңілөнеркәсіп, туризм және ғарыш салаларын дамыту.
ЖИИДМБ жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан 2008 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ЖІӨ 50% өсіміне қол жеткізуге тиіс, сыртқа шығарылатын шикізат емес өнімдердің үлесі 40% пайызға дейін өсуі керек, соған қарамастан ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10% дейін төмендету керек. Жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет ЖИИДМБ жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын бекітті, аумақтық дамыту бағдарламасы, өндірістік қуатты орынды орналастыру схемасы, «Бизнестің жол картасы - 2020» мен индустриализациялау картасы әзірленді. Тек үстіміздегі жылдың өзінде қолданыстағы кәсіпорындарды жаңартуды қарастыратын 144 жоба іске қосылады.
Аталған көлемді әрі күрделі тапсырмаларды орындау заңдық тұрғыдан бекітуді, насихат жұмысын жүргізуді, тұрғындар қолдауын, оның жүзеге асырылуы бойынша үнемі қоғамдық бақылауды талап етеді
Кезекті отырысқа қатысушылар өз сөздерінде партияаралық Кеңес өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды сұхбат алаңы екендігін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар қабылданып, партияаралық Кеңестің жаңа жұмыс тәртібі бектілді.
2010-05-27



