Тағайындау

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен жиында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП жаңа хатшысы Қайрат Сатыпалдыны таныстырды. Ол партия қызметінде жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін үйлестірумен, сондай-ақ жауынгерлік-интернационалистер, жастар ұйымдарымен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен «Нұр Отан» партиясының әріптестігін нығайтатын болады.
Нұрлан Нығматулин: «Қайрат Сатыпалдыны Астана қаласы әкімшілігіндегі, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы бірлескен жұмыстарымыздан білетіндіктен, партиямыз үшін маңызды саналатын аталған бағыттағы жұмысты жетілдіруде оның тәжірибесі мен білімінің жететініне сенемін», - деп атап өтті.

Назад


2010-05-24