«Назарбаев феномені: Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер дамуындағы жеке тұлғалық фактор» тақырыбында Еуразиялық сараптама форумы өтті
Астана қаласында «Назарбаев феномені: Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер дамуындағы жеке тұлғалық фактор» тақырыбында Еуразиялық сараптама форумы өтті. Форум «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Кеңістік дәуірдегі қоғамдық-саяси процестерді зерделеу жөніндегі Ақпараттық-сараптамалық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум жұмысына «Политконтакт» саяси технологиялық орталығының атқарушы директоры (Ресей) – Андрей Медведев, «Петербургская политика» қорының президенті – Михаил Виноградов, Азаматтық қоғам мәселелерін зерттеу орталығының директоры (Украина) – Виталий Кулик, Достастық елдер гуманитарлық институтының ректоры, Әзірбайжандағы Ақпараттық-сараптамалық орталығы өкілдігінің бас директоры – Жамил Садықбеков сияқты Ресей, Украина және Әзірбайжан елдерінің сарапшылары қатысты.
Еліміздің сарапшыларынан форумға ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры – Болат Сұлтанов, «Альтернатива» көкейкесті зерттеулер орталығының директоры – Андрей Чеботарев және тағы да басқалары қатысты.
Форум аясында Еуразия интеграциясындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ролі, Орта-азиялық аймақтардың топтасу контексіндегі Қазақстанның интеграциялық бастамасы және осы интеграциялық процестердің қазіргі заманғы үрдісі талқыланды.
Сонымен бірге, кеңестік дәуірдегі интеграциялық процестердің негізі ретінде Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара іс-әрекеттер туралы саясаткерлердің баяндамалары оқылды. «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қорының директоры Гүлмира Ілеуова әлеуметтік зертеулер кезінде анықталған Қазақстан азаматтарының интеграциялық жоғары бағалаулары туралы атап өтті.
2010-05-21



