Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстелдің» отырысы болып өтті

Партиясының Орталық аппаратында Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жобасын талқылау бойынша «дөңгелек үстелдің» отырысы болып өтті.
Осындай диалог алаңдарын «Нұр Отан» партиясы бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Бұның алдында ғылым туралы заң жобасы және денсаулық сақтауды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы талқыланды. Көпшілікке жария ете отырып кеңінен талқылау принципі мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша қоғамның топтастырылған ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға қатысушылар арасында Парламент депутаттары, Үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің және басқа саяси партияның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұлттық ЖОО ректорлары, ғалымдар мен сарапшылары мектепке дейінгі тәрбие мен орта, кәсіптік, жоғары білім беруді басқару жүйесі мен қаржыландыруды жетілдіру мәселелерін, орта мектептердің 12 жылдық білім алуға көшуі, аймақтарда білім беру сапасын жақсарту, оқушылар жетістіктерінің сапасына объективті баға беру жүйесін қалыптастыру және осы саладағы басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Нұрлан Нығматулин «дөңгелек үстелге» қатысушыларға арнап сөйлеген құттықтау сөзінде атап өтті: «Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашанда ХХІ ғасырды білім және ғылым ғасыры болатынын айтып, елімізде осы саланы дамытуға барлық жаңдайын жасап келеді. Бір апта бұрын өткен партиямыздың Саяси кеңесі Бюросының отырысында сапалы біліммен қамтамасыз ету жайын тағы да ерекше әңгіме болды. Сондықтан біздің партиямыз еліміздің барлық саласының,онын ішінде білім беру сласынын , тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, өзінің негізгі бағыттарының бірі деп санайды».
Қаралып отырған Мемлекеттік бағдарлама жобасының өзектілігі Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының, Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру міндеттерімен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде жаңа балабақшалардың, мектептердің, кәсіптік лицейлердің, колледждердің және Астана қаласындағы жаңа университеттің құрылысы мен пайдалануға беру бойынша міндеттері жүзеге асырылуда.
Ел Президентінің бастамасымен жасалған «100 мектеп» бағдарламасы білім беру мекемелерінің салынуына бастау болды. Осы бағдарлама шеңберінде елімізде 84 мектеп салынды, құрылысы аяқталу сатысындағы 22 объект бар. Сонымен қатар, білім беру саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағда йын жасау мәселелері шешілуде. Сонда да елімізде балабақшалардың жетіспеуі өзекті болып отыр. Республика бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен жалпы 39% қамтылған. Осы проблеманың дұрыс шешілмеуі көптеген кезектерге әкеп соқтырды. Нәтижесінде балалар бала бақшалардан мектепке баратын жаста орын алатын болды. Бұл жағдай ел Президенті «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеу тапсырмасын бергеннен кейін ғана өзгерді.
«Дөңгелек үстел» барысында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жобасының тұсау кесерін жасады, оның мақсаты білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, білім беруге айтарлықтай және тұрақты инвестицияны тарту, оның сапасын жақсарту және еуропалық деңгейге көтеру болып табылады.

Назад


2010-05-18