«Абырой» кеңесінің кезекті отырысы өтті

Партия орталық аппараты ғимаратында өткен «Абырой» кеңесінің кезекті отырысында 2020 жылға дейінгі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы бағдарламасының жобасы талқыланды.
Ұрпақ сабақтастығы мен алдыңғы буын тәжірибесін кейінгі ұрпаққа қалдыруды қамтамасыз ету мақсатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанында «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамына партия іргесін қалаған ірі қоғамдық-саяси қайраткерлер кіреді.
«Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесі мүшелерінің отырысы барысында қоғамдық-саяси жағдайдың, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың жай-күйіне жасалған талдаудың негізінде партия аппараты қызметінің формалары мен әдістерінің жұмысын одан әрі жетілдіру, бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерді түсіндіру және насихаттау бойынша ұсыныстар пысықталады.
Отырыс барысында «Абырой» кеңесінің мүшелері 2020 жылға дейінгі партиялық бағдарлама жобасына өз ұсыныстарын айтып өтті.
Ұзақ мерзімді партиялық бағдарлама жобасын талқылаумен қатар абыройлықтар «Абырой» кеңесінің жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылады, сондай-ақ оның қызметінің алдағы перспективалары қаралды.

Назад


2010-05-18