ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов «Нұр Отан» брифинг өткізді

Партия Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2010 жылғы сәуір айында атқарған жұмысы туралы брифинг өткізді.
Республикамыз Ұлы Отан соғысының жеңісіне 65 жыл толғандығын кеңінен атап өтті. Сонымен қатар осы ұлы іс-шараға партия өзіндік үлесін барынша қосты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының барлық филиалдары мерекенің қарсаңында соғыс ардагерлеріне арнаған қабылдаулар, қайырымдылық концерттер және кездесулер өткізді.
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге көмек көрсету бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды.
Мәселен, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабылдаұлы Мұсағали ақсақал партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне баспана бойынша көмек көрсетуін сұрады. Аталған мәселені «Нұр Отан» партиясы және Астана қаласы әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған кезде бақылауына алды. Уақыт көп өтпей-ақ, ол мәселе оң шешімін тапты, яғни ол адам 1 бөлмелі пәтерге ие болды.
Тағы бір мысал. Соғыс ардагері Ақмола облысының тұрғыны Құдайберген Қанафинге, Ерейментау ауданынан 36 көп пәтерлі жаңа үйден баспана берілді.
Одан басқа, Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Ұлы Отан соғысының ардагері К. Құрымбаевқа қатысты баспана бойынша көмек көрсетуін сұраған өтініш түсті. Ол мәселе оң шешімін тапты.
Қостанай облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне соғыс ардагері Боронина Александра Николаевна тұрғын үй – коммуналдық мәселе бойынша көмек сұрады. Филиалдың бастамасы бойынша құрылған комиссияның шешімімен пәтерін жөндеу үшін қаржылай көмек көрсетілді.
Жамбыл облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматша Мерейім Зулувоғлы тыл еңбеккеріне төленетін тізімге ілінбей қалғаны туралы шағым түсірді. Осы күні өтініш иесіне бірінші төлемақы төленді.
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында тыл еңбеккері, республикамызда мемлекеттік тілдің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, әлеуметтік ғылымның академигі, профессор, филология ғылымдарының докторы Нұрмұханов Хайролла Мырзағалиұлы кітабының тұсаукесері болып өтті.
Сәуір айында партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 9 102, оның ішінде жазбаша 2, 8 мың өтініш түсті.
Өткен айлармен салыстырғанда сәуір айында тұрғын – үй коммуналды саласы бойынша өтініштің саны 18 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш жергілікті орындардағы тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығының жұмыстарына тұрғындардың риза еместігін байқатады. Ал баспанамен қамтамасыз ету мәселесі – 17 пайызды көрсетіп тұр. Атап айтқанда, азаматтардың бірден-бір көтеретін мәселесі - ол мемлекеттік және баспананы жалға беру бойынша (арендный жилье) бөлу аса күрделі проблема болып табылады. Дегенмен, осындай баспананы бөлудегі әділетсіздік туралы бізге шағымдар көптеп түсуде. Зейнетақы және төлемақыны есептеу - 9 пайыз, жұмысқа орналасу және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар - 8 пайыз, денсаулық сақтау мәселелері – 5 пайыз, сот шешімдерімен келіспеу және сот шешімдерінің орындалмауы - 4 пайыз.
Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Депутаттар сәуір айында 8 қабылдау жүргізіп, оның барысында 99 адамды қабылдады. Ондағы негізгі сұрақтардың сипаты - баспанамен қамтамасыз ету, сот шешімдерімен келіспеу және оралмандарға квота бөлу мәселелері басым болды.
Шалғай елді-мекендерде тұратын азаматтардың күрделенген мәселелерін шешу мақсатында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері өзара бірлесіп, көшпелі қабылдау жүргізуді жақсы дәстүрге айналдырды. Республика бойынша сәуір айында 219 көшпелі қабылдау жүргізілді.
15 сәуірде партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері Қарағанды облысы Нұра ауданының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қызметкерлер осы кезеңде бес ауылға тоқтап, ауылдың және тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Акция барыснда 29 адам қабылдауда болды.
Сәуір айында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық филиалдары теміржолда көшпелі қабылдаулар жүргізді. Акция барысында 128 адам қабылданды.
Осы күндері партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кесте бойынша мемелекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары 6 қабылдау жүргізіп, 48 адамды қабылдады.
Адвокаттар Одағының өкілдері азаматтарға аптасына екі рет тегін құқықтық көмек көрсетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде адвокаттар алқасының өкілдері осындай кеңес беру тәжірибесін жүзеге асырып келеді. Оның ішінде Ақмола облыстық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аптасына үш рет Жоғарғы оқу орындарының заң мамандығы бойынша оқитын студенттер азаматтарға кеңес береді. Осындай оң тәжірибе Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымында да қалыптасқан.
Ж. Жүкенов сөзін қортындылай келе, 19 мамыр күні партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол комитетімен өзара бірігіп, Ақмола және Қостанай облыстарында жолда қабылдау акциясы болатынын хабарлады.

Назад


2010-05-13