«Нұр Отан» Саяси кеңесі Бюросының жиыны өтті

«Нұр Отан» Партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесі Бюросының жиыны өтті. Жиынға Бюро мүшелері, Президент әкімшілігі өкілдері, Үкімет мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне Президенттің «Жаңа Қазақстан – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына Жолдауында және «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс XII съезінде айтылған тапсырмалардың орындалу барысын талқылау енгізілді.
«Нұр Отан» партиясы барлық басым бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Партия қазіргі таңда Үкіметпен және «Нұр Отан» ХДП Парламенттегі фракциясымен бірлесіп қарқынды жүзеге асырыла бастаған нақты іс-әрекеттер жоспарын дайындап, қабылдады. Бұл жұмыстарға бастауыш партия ұйымдарынан бастап, партияның барлық құрылымдары жұмылдырылды, әсіресе партияның аймақтардағы жұмыстарына баса назар аударылып отыр.
Сондай-ақ, партия мемлекеттік органдармен бірге Елбасы Жолдауын, Қазақстанның 2020- шы жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, «Нұр Отан» ХДП Халықтық Түғырнамасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестірді. Бірлескен жұмыстың тиімділігінің бір мысалы ретінде Жолдауда көрсетілген басымдықтарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жобасының «Нұр Отан» партиясында талқыланғанын айтуға болады.
Партияда сондай-ақ, сараптамалық топтың, қоғамдық және саяси бірлестіктердің қатысуымен барлық маңызды мемлекеттік бағдарламалармен, заң жобаларын талқылау ұйымдастырылып, нақты ұсыныстар мен талаптар әзірленеді. Мұндай жұмыс түрі өз кезегінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары бойынша қоғамда нық ұстанымды қалыптастыруға жол ашады.
Жолдауда айтылған стратегиялық басымдықтардың орындалуы бойынша тиімді партиялық бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету мақсатында «Нұр Отан» партиясы, партиялық бақылау бекеттерінің жұмыстарын жандандырды, партия өкілдері жеделдетілген интустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикалық және аймақтық орталық мүшелерінің құрамына кірді, сондай-ақ әрқашан мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапа тиімділігіне, Халықтық Тұғырнаманың негізгі бағыттарына қатысты мониторинг жүргізіледі.
Халықпен етене байланыстыратын, халық проблемасына дер кезінде көңіл бөлуге мүмкіндік беретін негізгі механизмнің бірі ретінде қоғамдық қабылдау бөлімдерін айтуға болады. Бұл сондай-ақ Президент партиясына деген сенімді арттыра түседі. Мәселен, өткен төрт айдың ішінде қоғамдық қабылдау бөлімдеріне республика бойынша 25 мыңнан астам өтініш түскен, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15% пайызға артық. Жалпы партия жұмысы жайлы айта келіп, Нұрлан Нығматулин: «Қазіргі уақытта тек орталықта ғана емес, алыстағы қалалар мен аудандарда елімізге маңызды жұмыстарды белсенді жүргізу үшін бастауыш партия ұйымдарымен тікелей байланыс жасау жолдарын енгіздік. Бүгінгі күні бұл ұйымдардың саны 6 мыңға жетті. Олардың барлығын әрқашан елмен бірге жүретін, көмек көрсететін, партиямыздың беделін көтеретін негізгі күш деп білеміз. Сонымен қатар партиямыздың Қоғамдық қабылдау бөлімдері де халық арасында кең қолдауға ие болып отыр. Өткен 4 айдың өзінде республика бойынша қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 25 мың өтініш түскен. Бұл ел азаматтарының Президентімізге деген, Президентіміздің партиясына деген зор сенімінің көрсеткіші», - деді.
Таяу уақытта «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік және жалға берілетін пәтерлерді тарату, білім, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту бағдарламалары жобаларын сондай-ақ, энергиятиімділігі мен энергиясақтау мәселелерін кең көлемде талқыға ұсынуды жоспарлап отыр.
Партиялық-саяси жұмысты жетілдіру мақсатында Жоғары партиялық мектеп құрылды.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық ойлары мен идеяларының ең басты орындаушысы ретінде партия өзінің барлық құжаттық бағдарламалары мен маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі түрде қарқынды жүзеге асыратын болады.

Назад


2010-05-11