«Елімнің мәнгі есінде... Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бірегей фотокөрме ұйымдастырды

Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлау қарсаңында «РИА Новости» РХАА дирекциясы «Нұр Отан» ХДП қолдауымен «Елімнің мәнгі есінде... Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бірегей фотокөрме ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бір миллион екі жүз мың қазақстандық жауынгерлік ұрысқа қатысты. Олардың майдандағы қаһармандығы мен тыл еңбегіндегі және соғыстан кейін экономиканы қалпына келтіру кезеңдеріндегі ерлік істері отанды сүюдің жарқын үлгісіне айналды.
«Советское информбюро» әскери хабаршыларының жарық көрмеген мұрағаттық құжаттама фотосуреттері (50 бірлік) фотокөрменің негізгі мазмұнына айналмақ. Суреттерде шынайы майдан репортажы жанрында қазақ жауынгерлерінің қысқа демалыс тұстары мен әскери әрекеттері бейнеленген.
Фотокөрме «Астана-Бәйтерек» мемориалды кешенінің көрме залында 10 күн бойы екі деңгейде көрсетілетін болады.
6 мамырда осы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Ұлттық Академиялық кітапхана, ҚР Ұлттық мұрағат басшылары, сондай-ақ еліміздің көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты.
Аталған көрмені ұйымдастыру қазақстандықтар бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, рухани бірлік пен ұлттар ынтамақтастығын жоғары бағалауға ықпал ететін болады.

Назад


2010-05-06