Ұлы Отан соғысы ардагерлерін салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді

Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы барлық жерде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін салтанатты қабылдау рәсімін өткізді.
Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай ардагерлерге қамқорлық және қолдау көрсету мақсатында елімізде кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «бұл біздің аталарымыз бен әкелерімізге бізге бейбіт өмір сыйлаған жанкешті күрескерлігі мен жеңісі үшін көрсетілген құрмет», - деген еді.
«Нұр Отан» партиясының күнделікті қызметінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық жасау басым бағыттардың бірінен саналады. Үнемі соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілетін акциялар, патриоттық шаралар, жас ұрпақпен өзінің бабалары мен аталарының күрескерлік ерліктерінен сыр шертетін кездесулер ұйымдастырылады. Биылғы мерейтойға байланысты партия республика көлемінде «Ардагерлерді ардақтайық» атты кең көлемді акция бастады, олардың қатарында ғажайып көрме экзпозициялары, «Георгий лентасы» акциясы бар.
Ал 9-мамыр күні «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдарында ардагерлерді салтанатты қабылдау жүргізіледі.
Осындай салтанатты шараның бірі 5-мамырда орталық аппаратта өтіп, оған 20 соғыс ардагері шақырылды.
Ардагерлерді құттықтай отырып, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Сіздердің ел ертеңі үшін жан аямай күрескен ерліктеріңіздің арқасында біз тәуелсіздігімізді алып, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да Президентіміз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлерге көмек көрсету, құрметтеу туралы тапсырма әрқашанда беріп келеді. Өйткені қанша уақыт өтсе де, сіздердің Отан үшін, ұрпақ үшін от кешкен ерен еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Ол - мәнгілік дүние. Себебі, сіздер бүгінгі ұрпақты туған елін сыйлауға, ерлік жасауға тәрбиелеп келесіздер», - деді.
Әңгіме барысында майдангерлер ардагерлерге көрсетіп жатқан материалдық, медициналық көмегі үшін, мәңгілік байлық саналатын бейбітшілікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты сақтағаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, қарттар сұрапыл соғыс кезіндегі ауыр тағдырды еске алып, бүгінгі тыныс-тіршіліктері туралы ой бөлісті, жас буынға аманаттарын арнады.
Құрметті қонақтарға «Нұр Отан» партиясының атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Назад


2010-05-05