«Сарбаз-2010» Офицерлер балы өтті
Астанада армия генералы С.К. Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінде «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігімен бірлескен, «Сарбаз-2010» Офицерлер балы өтті.
«Нұр Отан» партиясы жас буынға патриоттық тәрбие беру мәселесіне баса назар аударып келеді. Өскелең ұрпақтың азаматтық борышын өтеуге, Отанын қорғауға деген жауапкершілігін, сана-сезімін арттыру мақсатында партия өкілдері үнемі акциялар, офицерлермен кездесу өткізеді. Онда жастар Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қауіпсіздігі үшін өз үлесін қосқысы келетін еліміздің әрбір жас азаматының алдында тұрған мақсат-міндеттер жайлы ой бөлісуге мүмкіндік алады.
Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай барлық қазақстандықтың қатысуымен республика көлемінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Соғыс жылдарында барлық сынаққа төтеп беріп, жанқиярлық ерлік көрсеткендер халық есінде мәңгі сақталады. Бұл мереке туған жерінің абыройы мен бостандығын биік ққоятын әрбір азаматтың жүрегінде. Аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктері жастар үшін үлгі-өнеге, адамгершіліктің үлкен белесі.
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекесі қарсаңында әскери қызметкерлерді, Ұлы Отан Соғысы және локалды соғыс ардагерлерін құттықтау үшін «Нұр Отан» партиясы, ҚР Қорғаныс министрігі өкілдері, Республикалық «Жас Ұлан» метебінің тәрбиеленушілері жиналды.
Салтанатты кеште құттықтау сөз айтылып. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.
«Сарбаз-2010» Офицерлер балы ел азаматтарының әскери-азаматтық сезімін көтеру ісіне үлес қосуға, Қазақстан армиясында әскери қызметтің абыройын көтеруге бағытталған.
2010-05-04



