«Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды»

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров «Сенің жемқорлыққа қарсылығың өте маңызды» республикалық ақпараттық-насихат акциясының басталғанына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
Акция жемқорлықпен күрес процесіне кең көлемде азаматтық қоғам институттарын қамту, қазақстандықтардың індетке қарсы көзқарасын қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күреске жастарды тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Дәстүрлі шара биыл екінші рет өткізіліп отыр. 2010 жылдың мамыр айы көлемінде еліміздің барлық аймақтарында жалпы тұрғындар арасында ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілетін болады.
«Нұр Отан» партиясы мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жөніндегі агенттік арасында акцияны өткізуге байланысты бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Олардың қатарында «Өзіңнен баста», жемқорлыққа қарсы аймақтық қоғамдық кеңестердің кеңейтілген отырыстары, кәсіпкерлермен кездесу, жастар пікір-сайыстары, Агенттік басшылары мен партия филиалындағы аймақтық құрылымдар жетекшілерінің азаматтарды қабылдауы, журналистік зерттеу, әлеуметтік сауалнамалар, ақпараттық үн қағаздарды тарату басқа да шаралар қамтылған.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Әрине, жемқорлықпен күрес бір адамның, бір мекеменің жұмысы емес, онымен халық болып, қоғам болып күресуіміз керек. Сол үшін бұл акция да еліміздің барлық аймақтарында өтетін болады»,- деді.
Еліміз тұрғындары жемқорлыққа байланысты кез-келген фактілер бойынша мына телефондарға хабарласа алады. 8 800 080 3000, 144. Қоңырау шалу тегін.

Назад


2010-04-28