«Кітап сыйға» акциясын өтті

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Кітап сыйға» акциясын өтті. Осы акция аясында Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы ірі кітапханаларға, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен балалар кітапханарына партия атынан «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жинағынан кітаптар табыс етілді.
Төрт сериядан тұратын «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» көптомдық жинағының авторы – профессор Мырзатай Жолдасбеков. Осы көптомдық жинақ «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Елбасы жолдады - Елі қолдады», сонымен қатар «Әлем Қазақстан туралы, әлем Президент туралы» сериялардан тұрады.
Осы кітаптарға еліміздің Тәуелсіздік жылдардағы тарихы туралы деректермен расталған нақты материалдар енгізілген. «Нұр Отан» партиясы осы басылымды барлық азаматтарға қолжетімді ету үшін өз қаражатына сатып алып, облыстық және жоғары оқу орындары кітапханаларына тапсыруды қажет деп шешті.
Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» ХДП атынан елордалық барлық жоғары оқу орындарының ректорларына кітаптар жинағын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
Кітаптың осы сериясының тұсаукесері өтісімен және жұртшылықтың осы еңбекпен танысуға ниет білдірісімен-ақ, партия жастар бірінші болып осы еңбекпен танысуға тиіс деп шешті. Осы кітаптарға енген еліміздің 18 жылғы тарихын, өткен жолын түсінуде, біздің жастардың отаншылдығын одан әрі дамытуға мүмкіндік туады.
Дәл осы күні партияның аймақтық филиалдары да облыстық және жоғары оқу орындары кітапханаларына кітаптар жинағын салтанатты тапсыру рәсімін өткізді.

Назад


2010-04-28