«Салауатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы» дөңгелек үстел
«Нұр Отан» ХДП-ның бастамасымен партияның Орталық аппаратында «Салауатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы» дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму ережелерін жүзеге асыру мақсатында жобаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындады.
Жобаны жан-жақты талқылау мақсатында «дөңгелек үстелге» ҚР Парламентінің депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігінің, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, БАҚ өкілдері шақырылды.
Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның ережесін талқылау барысында «дөңгелек үстелдің» қатысушылары салауатты өмір сүру салтын уағыздауға және адамның өзінің денсаулығына қатысты ынтымақтастық жауапкершілігі принципін дамытуға баса екпін берілді.
Бұл ретте ведомстволар аралық және секторлар аралық өзара іс-қимылды ескере отырып, саланы заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қабылдаудың қажеттілігіне назар аударылды. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары саланың нарықтық қатынастарға бейімделуіне байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Жеке меншіктің әр түрлі нысандарын дамыту, медициналық жәрдем беру нарығын құру және медицина ұйымдары мен мекемелерінің арасындағы бәсекелестік қатынастарды дамыту мәселелеріне ерекше мән берілді.
«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша оған қатысушылар Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың алдағы уақыттағы дамуына қызмет ететін ұсынымдарды талдап жасады, ол қазақстандықтардың денсаулығының жай-күйіне оң әсер ететін және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуіне ықпал жасайтын болады.
2010-04-26



