«Таза сессия» Республикалық жастар акциясының үшінші толқыны басталды
Партияның Орталық аппаратында «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов баспасөз-мәслихатында Білім және Ғылым министрлігі, Қаржы полициясы, «Қарсы» Қоғамдық жастар қозғалысы, Қазақстан Студенттері Альянсы өкілдерімен бірлескен «Таза сессия» Республикалық жастар акциясының үшінші толқыны басталғанын жария етті.
«Жас Отан» ЖҚ 2010 жылдың жаздық маусымында одан кейінгі уақыттарда қоғамға жат әрекеттерді азайту үшін бар күшін жұмсайды. Жас Отан» ЖҚ www.zhasotan.kz ресми сайтының негізгі бетінде «Таза сессия» атты флэш баннер орналастырылған. Қызығушылық танытқан әрбір азамат сайтқа кіріп, ҚР ең жемқорлы жоғары оқу орнына дауыс бере алады, сондай-ақ өткізіліп жатқан акция шеңберінің аясында ҚР жоғары оқу орындарының студенттерімен галстуксыз Кездесу өткізіледі. Акция ЖОО студенттерінің арасында өтетін «Парақорсыз сынақ кітапшасы» атты дебаттық турнирімен аяқталады.
Шараны ұйымдастырушылар ЖОО ректорларын, ұстаздарды акцияға қатысуға, сынақ, емтихан алу кезінде қатаң бақылауды қамтамасыз етуге шақырды.
Жемқорлық жайлаған ЖОО деңгейі www.zhasotan.kz. сайтына орналастырылатын болады.
Сондай-ақ баспасөз-мәслихатына қатысушылар парақорлықтың, күш көрсетудің барлық фактілері бойынша Министрлікке, құзырлы құқық қорғау органдарына, ректорларға хабарланатынына сендірді.
2010-04-26



