Партияның орталық аппаратында Символдық Жеңіс туы
Орталық аппарата Символдық Жеңіс туын Қазақстанға тапсыруға байланысты Халықаралық патриоттық акцияға арналған брифинг өтті.
«Нұр Отан» партиясның бастамасымен, ТМД-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары Кеңесінің жанындағы интернационалист-жауынгерлер істері жөніндегі Комитеттің қолдауымен 21 сәуірде Мәскеуде Тянь-Шань тауының Алматыға жақын бір шыңында тігу үшін Символдық Жеңіс туын «Нұр Отан» ХДП өкілдеріне тапсыру бойынша Халықаралық патриоттық акция өтті.
Символдық Жеңіс туын тапсыруға арналған салтанатты рәсім Мәскеудегі 1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысы Орталық мұражайының «Даңқ» залында өтті.
Ту Мәскеуден Астанаға жеткізілді, енді Алматыға жөнелтіледі. «Нұр Отан» партиясының өкілдерінен құралған альпинистер тобы Монғол жотасының шыңдарының біріне көтеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, «Нұр Отан» ХДП туын, Жеңіс туының символикалық көшірмесін тігетін болады.
Шыңға шыққаннан кейін Жеңіс туы мәңгі сақтауға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына өткізіледі.
2010-04-24



