«Нұр Отан» ХДП жанындағы Мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімдігін бақылау және мониторинг жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы
Астанада «Нұр Отан» ХДП жанындағы Мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімдігін бақылау және мониторинг жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы мен қолжетімдігін үйлестіру және бақылау мәселесі қаралды.
ХҚО жұмысымен танысу барысында бірқатар проблемалар анықталды. Олардың ішінде өз қызметін ХҚО арқылы жүргізу туралы Заңдылық ережелерін орындамайтын мемлекеттік органдар жайын, олардың қызметінде үйлесімділіктің жоқтығын, әкімшіліктердің ХҚО басқаруға дайын еместігін айтуға болады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ХҚО-лар қызметін жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданатын ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.
2010-04-23



