Зардап шеккендерге көмек көрсету еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде

Алматы облысында болған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Елбасы, партия Төрағасының зардап шеккендерге көмек көрсету туралы сөзіне алғашқылардың бірі болып «Нұр Отан» партиясы үн қатты. Бірінші күні-ақ «Нұр Отан» партиясы барлық қызметкерлердің бір күндік еңбекақысын аударды. Қазір еліміздің барлық өңірлерінде нұротандықтар көмек көрсету жұмысын ұйымдастыруда.  
 Алматыда «Жас Отан» Жастар қанаты азық-түлік, киім-кешек, алғашқы уақытта керек заттар жинау бойынша акция өткізуде. Сәрсенбі күні жиналған заттар Алматы облысына жіберіледі.
 Маңғыстау облысында нұротандықтар ірі өнеркәсіптік өндірістерді, бизнес – құрлымдарды қатыстырып жинақ шарасын өткізуде. Онда жиналғандар Алматы облысындағы зардап шеккендерге үй салу жұмысына пайдаланылса, Шымкентте бастауыш партия ұйымының араласуымен «Химфарм» АҚ зауытынан 200 мың дәрі, 100 мың ампула, 25 мың тұнба, 7 дәрілік май жіберілді. Сондай-ақ 10 КАМАЗ көліктерімен азық-түлік жөнелтілді.

Назад


2010-03-18