Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі брифинг өткізді
«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов 2010 жылдың ақпан айында атқарған жұмысы туралы брифинг өткізді.
Қоғамдық қабылдауға түскен өтініштерге талдау жасағанда өзекті мәселелер қатарында баспанамен қамтамасыз ету мәселесі (18 %), тұрғын үй – коммуналды саласы – (14%), зейнетақы және төлемақыны есептеу (9%), жұмысқа орналасу (9%), лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар (8%), денсаулық сақтау мәселелері (6%), сот шешімдерімен келіспеу және сот шешімдерінің орындалмау (4%) жағдайлары аталды.
Кестеге сәйкес және ұдайы негізде партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшелері – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдау жұмыстарын жалғастыруда. Депутаттар ақпан айында 95 адамды қабылдады. Ондағы өтініштерде - баспанамен қамтамасыз ету, сот шешімдерімен келіспеу және жұмысқа орналасу мәселелері басым болды. Сонымен қатар депутаттар азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелердің біраз бөлігін сол жерде шешуде қол жеткізді. «Нұр Отан» ХДП мен Қазақстан адвокаттары одағы өкілдерінің жоспарларына сәйкес ақпан айында 7 қабылдау болып, Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіре келген 20 азамат заң аясында кеңес алды. Мәселен, Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалдарының Қоғамдық қабылдау бөлмелері адвокаттар алқасы өкілдерімен осындай оңтайлы тәжірибені пайдалануда.
Үстіміздегі жылдың 10 ақпан күні республика бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы өтті.
Партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аталған іс-шараның аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапанов, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Б.Нүсіпова азаматтарды қабылдады.
Қабылдауда 87 адам болды, оның 16-сының мәселесі оң шешімін тапты. 51 жазбаша өтініш қарау үшін қабылданды және оларды Қоғамдық қабылдау бөлмесі бақылауға алды, 20 азаматқа қажетті түсіндірулер берілді.
Аталған акция барысында Астана қаласының тұрғыны З. Тимофеева саяжайын бұзғаны үшін талай уақттан бері ала алмай жүрген 620 мың теңге көлеміндегі төлемақысын алуға қол жеткізді.
Үстіміздегі жылдың 26 ақпан күні партия Төрағасының бірінші орынбасары Н.З. Нығматулиннің төрағалығымен 2009 жылы азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарының басшыларымен Жұмыс кездесуі болып өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.К. Байбек және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцелярия жетекшісі Г.Р.Абдрахимов қатысты.
Аталған мемлекеттік органдарымен кездесудің нәтижесі бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесімен өзара бірігіп жұмыс атқаратын «Нұр Отан» партиясының мүшесі, жауапты қызметкерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Н.З. Нығматулин аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілерімен кездесті. Кездесу барысында аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын жандандыру, жақсарту жөніндегі мәселелер талқыланды.
Партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтармен жұмыс жүргізу бойынша жұмыс форматын уақыт талабына орай өзгертуде. Атап айтқанда, аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жауапты қызметкерлерінің іске белсенді араласуымен азаматтардың өтініштерін жедел қарап, оларды уақыт өткізбей оң шешім табуға қол жеткіздік. Мәселен, Партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Түркістан қаласының тұрғыны Дина Исабекова телефон соғып қаладағы екі көшенің тұрғындары сусыз қалғанын айтты. Алғашында оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің араласуы арқасында тұрғындарға су тасылып берілді. Ал бүгінгі таңда тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Астана қаласының Қоғамдық қабылдау бөлмесімен бірлесіп жер үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық қабылдау бөлмесіне И.А. Шапарь және Б.С.Дауытбаевалар еңбек ақыларын алып беру бойынша өтініш түсірді. Нәтижесінде олардың еңбек ақылары толық төленді.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы азаматтар ризашылығына бөленуде. «Нұр Отан» ХДП қабылдау бөлмелерінің атына алғыс хаттар түсуде. Жамбыл облыстық Қоғамдық қабылдау бөлмесіне екінші топтағы мүгедек Н. Өтембаев мүгедектігін анықтау бойынша көмек сұрады. Қайта тексерудің нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты.
Сонымен қатар азамат М. Алехевичтен Парламент Мәжілісінің депутаттарының азаматтарды қабылдауы және олардың мәселелерін шешуі бойынша алғыс білдірген хат келді.
2010-03-17



