Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Еуропа Одағы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесуі
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Еуропа Одағы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесті.
Кездесу барысында мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының алдына қойған негізі міндеттері мен ҚР Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысы туралы сөз болды. Сонымен қатар партия аралық әріптестік те тілге тиек етілді. Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясы Азияның, Еуропаның, Американың жетекші партияларымен іскерлік қарым-қатынас орнатқан.
Сондай-ақ, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы мәселелер де талқыға салынды. Нұрлан Нығматулин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы айта келіп: «2010 жыл Қазақстан үшін өте маңызды. Еуразиялық мемлекеттер тарихында тұңғыш рет Қазақстан Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отыр. Бұл тікелей біздің еліміздің Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор халықаралық абыройының арқасы», - деді.
Чавушоглу мырза Орталық Азиядағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың маңызын айта келіп, аталған мәселелердегі Қазақстанның рөліне баса назар аударды.
2010-03-16