«Нұр Отан» партиясы айрықша акция ұйымдастырды

«Нұр Отан» партиясы айрықша акция ұйымдастырды. Ұйым мүшелері 8-наурыз күні дүниеге сәби әкелген жас аналарды құттықтап, құрмет көрсетті. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жүздеген сәби өз өмірлеріндегі алғашқы сыйлықты Президент партиясының атынан алды. Нұротандықтар әр қаланың, әр өңірдің перзентханаларын аралап, аналар мен нәрестелерге арнайы сыйлықтар табыс етті.  
 Жас аналарды құттықтай отырып нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін нығайту партияның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қазіргі таңда Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір анаға, әрбір балаға жасап жатқан қамқорлығы Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс. Денсаулық саласында атқарылып жатқан істердің арқасында соңғы жылдары елімізде ана өлімі екі есе азайып, туу көрсеткіші 1,5 есеге артты.  
 Нұротандықтардың айтуы бойынша елдегі демографиялық ахуалды жақсарту жалпы алғанда экономикалық дамумен, қазақстандық қоғамның әл-ауқатының өсуімен тығыз байланысты. Сондықтанда 8-наурызда республика көлемінде өткізілген акция терең мағынаға ие. Өйткені, бүгінгі сәбилер ертеңгі ел ісінің тізгінін ұстаушылар екені сөзсіз. 
 Дәл осы күні еліміз көлемінде 1236 сәби жарық дүние есігін ашты.

Назад


2010-03-08