Партияның Орталық аппаратында әйелдер мерекесі

 Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген, «Нұр Отан» партиясының саясаты қолдау мен оны жүзеге асыруға ат салысып жүрген белсенді жандар бүгін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында орталық аппаратқа шақырылды. 
 Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин нәзік жандарды мерейлі мерекемен құттықтады. Шақырылғандар қатарында Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері бар.  
Аналар мен отбасын қорғау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында әйелдер рөлін көтеру, қоғамды біріктіру, сондай-ақ Қазақстанда әйелдер қозғалысын қарқынды ету «Нұр Отан» партиясы үшін басым бағыттардың бірі болып қала бермек. 
 Нұрлан Нығматулин өзінің құттықтау сөзінде: «Президент әйелдер қауымы бар жерде табыс барын айрықша атап өтті. Сіздердің әрқайсыларыңыз қызметтік жолдарыңызда Қазақстанымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, парламентаризмнің дамуына ғана үлес қоспайсыздар. Сіздер басқарған кез-келген мекеменің ісі табысты жүзеге асатынын дәлел ретінде келтіруге болады. Елбасы осыны қадап айтты. Біздер де, Президенттің партиясы - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы сіздерге ерен еңбектеріңіз үшін, қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайды реттеуге қосқан үлестеріңіз үшін тағы бір мәрте алғыс айтуға шақырдық. Партия ісіне де белсене аралқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деді.
 Мереке құрметіне арналған салтанатты шара партияның барлық аймақтық филиалдарында өтті. Нұротандықтар көп балалы аналарды, мемлекеттік орган, бизнес-орта, мемлекеттік емес ұйым өкілдері, ауыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Назад


2010-03-05