«Нұр Отан» ХДП Фракциясының кеңейтілген жиыны өтті

 Еліміздің Бас қаржы құжатына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайы «Нұр Отанда» талқыланды. Партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Фракциясының кеңейтілген жиыны өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттер тұрғысында «2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе талқыланды.  
 Жиын жұмысына партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Үкімет мүшелері, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Фракция жетекшісі Орал Мұхамеджанов, Парламент депутаттары қатысты. 
Жиын барысында жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму, Кедендік Одақты іске асыру, кәсіпкерлікке қолдау, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелер деңгейін көтеру, 2011-ші жылы Азиада ойындарын өткізу, Астананың дамуы басқа да экономика дамуының басым бағыттарына арналған маңызды жобалар бойынша Үкімет пен Парламенттің партиямен бірлескен талқылауы өтті.  
2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетке өзгерістер енгізуді қажет ететін негізгі көрсеткіштер тікелей Елбасымыз, партия Төрағасы Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген стратегиялық тапсырмаларды қаржыландыруды бастауға жол ашады. 
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Бүгінгі өткізіліп жатқан жиын еліміз үшін өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер, бір ай ғана бұрын Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің тарихи Жолдауында еліміздің 1 жыл ғана емес, 10 жылдық экономикалық, әлеуметтік дамуын көрсетіп берді. Сіздер болып, біз болып барлық аймақтарды аралап Президентіміздің Жолдауын елдің қолдап жатқанына куә болып жүрміз»,-деп атап өтті.  Осы ретте Нұрлан Нығматулин жоспарланған мақсаттарды іске асыруда Халықтық платформаның негізгі құжат болатынын атап өтті. ел Президенті, партия Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген міндеттері әрбір қазақстандық пен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, басты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Біріншіден, ол бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді, мектепке дейінгі жаңа білім ошақтарын салуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді. 
 Жиын қорытындысы бойынша бюджетке өзгерістер енгізу туралы Үкімет ұсынысын қолдау және республикалық бюджетке енгізілетін толықтыруларға бір ауыздан дауыс беру жөнінде «Нұр Отан» ХДП Фракциясының шешімі қабылданды.

Назад


2010-03-02