Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэмен кездесу
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция елінің президенті Николя Саркозидің арқасында екі ел арасынды тығыз іскерлік байланыс орнағанын атап өтті.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, біздің ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың мамыр айында болған ресми сапары Қазақстан-Франция қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашты.
Франция – Стратегиялық әріптестік туралы Қазақстан келісім-шарт жасасқан алғашқы еуропалық ел. Сонымен қатар, Франция Қазақстанның ЕҚЫҰ Саммитін өткізу және Еуроодақпен әріптестікті тереңдету туралы жаңа келісім бойынша келіссөздер мәселелерін қолдап отыр.
Жан-Шарль Бертонэ мырза Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете бастауымен құттықтады.
Сондай-ақ, екі елдің басқарушы партияларының: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен «Халық қозғалысы үшін Одағы» партиялары арасында тығыз қарым-қатынас орнағаны тілге тиек етілді. Атап айтар болсақ, партиялар арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, екі партия да мүше саналатын орталықтандырылған интернационал демократиялық партиялар атқарушы комитеті аясында белсенді әріптестік жүзеге асырылуда.
Тараптар сондай-ақ, екі ел мүддесіне қатысты ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыттарын талқылады.
2010-02-23