«ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі: 2010 жылғы жалпы тақырыптық басымдықтар» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

22 ақпанда Астанада «ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі: 2010 жылғы жалпы тақырыптық басымдықтар» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 
Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының қатысуымен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ұйымдастырды. 
Конференция барысында қатысушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің тарихи жағдайлары және саяси контексі; ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі: мемлекеттің қауіпсіздігінен - жеке адамның қауіпсіздігіне; Қазақстанның төрағалық етуі кезеңінде ЕҚЫҰ қызметіндегі гуманитарлық саладағы өзекті басымдықтар; Шығыс пен Батыстың арасындағы диалогтік қоғамдастықты қалыптастыру арқылы ЕҚЫҰ-ны дамыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейтудің және нығайтудың жолдарын іздестіру сынды мәселелерді қарастырмақ. 
Аталған конференция «Нұр Отан» ХДП-ның адами өлшем саласындағы өзекті мәселелерді талқылау жөніндегі диалогтік алаңды құру арқылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуін жүйелік қолдау талпынысын білдіреді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, шетелдік дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, отандық және шетелдік сарапшылардың өкілдері қатысады.

Назад


2010-02-18