Идеологиялық мәселелер, ақпараттық-насихат жұмысы және жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы

Партияның Орталық аппаратынде Идеологиялық мәселелер, ақпараттық-насихат жұмысы және партияның жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Құрамына партияның белгілі мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ғылыми және шығармашылық өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кірген аталған комиссия жұмыс қарқыны арттыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП жанына құрылған болатын. 
Комиссия төрағасы партия Хатшысы – Ерлан Қарин.  
Комиссия жұмысының негізгі мақсаты идеологиялық, ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, партияның аймақтық филиалдарының, партияның бастауыш ұйымдары мен партиялық саяси оқулары жүйесінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. 
Жиынға қатысушылар Елбасы Жолдауын түсіндіру мен 2020 жылға дейінгі «Нұр Отан» ХДП Бағдарламасының жобасын дайындау жөніндегі мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің ақпараттық-насихат қызметінің негізгі бағыттарын талқылады. 
Сонымен қатар, Комиссия жұмысының басымдықтары, партияның 2010 жылғы жоспарлары қарастырылып, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасының құрылымы мен мазмұны жөніндегі ұсыныстар әзірленді.

Назад


2010-02-17