Қаржы министрлігінде жемқорлыққа қарсы әрекеттер жұмысы туралы мәселені зерттеу жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.М. Әбдіров пен «Нұр Отан» ХДП жанындағы ЖКЖРҚК хатшысы Б.З. Әшитов брифинг өткізді

Партияның Орталық аппаратында Қаржы министрлігінде жемқорлыққа қарсы әрекеттер жұмысы туралы мәселені зерттеу жөніндегі сараптама комиссиясының басшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.М. Әбдіров пен «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің хатшысы Б.З. Әшитов брифинг өткізді. 
 Құқықтық статистика органдарының мәліметтері бойынша Қаржы министрлігі жүйесінде 2009 жылы 108 жемқорлық қылмыс (2008 - 95) тіркелген, бұл мемлекеттік органдар арасындағы жемқорлықтың ең жоғарғы көрсеткішінің бірінен саналады. 
2009 жылы жасалған жемқорлық қылмыстарға қатысты статистика Қаржы министрлігі жүйесіндегі кедендік органдарда – 62, салық қызметінде – 36 жемқорлық әрекет орын алғанын көрсетіп отыр.
 Министрлікте оның аумақтық және ведомстволық ұйымдарында жемқорлыққа қарсы әрекеттер жағдайын зерттеу мақсатында Жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес Сараптама комиссиясын құрып, оның құрамына Бас прокуратура, Есеп комитеті, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің өкілдері және басқалары кірді. Комиссия басшысы етіп Парламент Мәжілісінің депутаты, Кеңес мүшесі Н.М. Әбдіров тағайындалған болатын.
Өз жұмысы барысында сараптама комиссиясы кәсіпкерлер қауымдастығымен, салық төлеушілермен, сарапшылармен және басқа да мүдделі қоғамдық бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігі жүйесіндегі жемқорлық туралы әлеуметтік зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.  
2010 жылғы қаңтардан бастап «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарында Қаржы министрлігінің аумақтық ұйымдарында жемқорлықпен күрес жағдайын зерттеу жөнінде тиісті комиссиялар құрылды. Партия орталық аппаратының және жергілікті жерлердегі қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Қаржы министрлігінің жауапты қызметкерлері азаматтарды қабылдайтын болады.

Назад


2010-02-16