«Нурсултан Назарбаев: гуманизм и политическая воля» кітабының тұсау кесер рәсімі
Партияның Орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, философия ғылымының докторы, профессор Гурияй Хан, философия ғылымының кандидаты, ҚазГЗУ профессоры, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Ирина Хан авторлары саналатын «Нурсултан Назарбаев: гуманизм и политическая воля» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.
Кітапта Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың баяндамалары, мақалалары, еңбектері негізінде оның барлық саяси және мемлекеттік қызметіне тұңғыш рет ғылыми пайымдау мен жүйелі талдау жасалды.
Кітап авторлары ғылыми-философиялық талдау жасау арқылы барлық қазақстандық қоғамды жүйелі жетілдірудегі саяси көшбасшы негізінде жасалған ізгілік қағидатына сүйенді. Жаңа әлемдік тәртіп контекстінде Елбасының бастамалары халық пен мемлекет мүддесіндегі саяси жігерлік өрнегі ретінде қарастырылады.
Кітаптың тұсау кесер рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғылыми және шығармашылық қауым шақырылды.
2010-02-11