Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын қолдауға арналған «Нұр Отан» ХДП акциясы Жамбыл облысында
Жамбыл облысының ірі темір жол стансаларының бірі – Шу стансасында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын қолдауға арналған акция өтті. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Шу стансасындағы тепловоз жөндеу зауытында болды.
Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау көрсету үшін Шу Стансасындағы тепловоз жөндеу зауытына кәсіпорын жұмысшылары жиналды.
Бүгінде теміржол саласы дамушы ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асырып келеді.
Ел Президентінің Жолдауында транспорт және коммуникациялардың дамуына ерекше назар аударылған.
Форумды ашқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин «ел Президенті, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы - шын мәнінде бір, екі емес, алдағы онжылдықта еліміздің дамуын айғақтайтын стратегиялық құжат. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын - барлық қазақстандықтарды жаңа деңгейге жетелейтін магистралды жолмен салыстыруға болады. Дәл теміржолшылар, транспорттағылар модернизациялаудың нағыз локомотиві бола алады. Алдағы онжылдықтың мақсаттары «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының жаңа бағдарламасының негізі болады» - деді.
Мыңнан астам жұмысшының басын біріктіретін ұжымның дені «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Акция барысында теміржолшылар ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мақсаттарын белсенді орындауға әзір екендіктерін жеткізді.
- Біз, нұротандықтар, Елбасы, біздің көшбасшымысыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді көмекшілеріміз. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда біз әрдайым алдыңғы қатардан көрінуіміз керек. Бұл жұмыста біз,теміржолшылар, өз міндетімізге орай қозғаушы күш болуымыз керек! - деді Шу тепловоз жөндеу зауытының бас бақылаушысы Виктор Овчаров.
- Мемлекет басшысы кез-келген қиындыққа қарамастан елді үнемі алға сүйреп келеді. Біз, нұротандықтар, Елбасы, партиямыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында айтылғандары орындауға, еліміздің гүлденуі үшін еңбек етуге және жаңа жетістіктерге жетуге дайынбыз, - деді локомотивтік депо кезекшісі Құралай Бөребаева.
2010-02-10